2026 жылғы әлем чемпионаты финалының бейнешолуы: Испания – Аргентина

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласында өткен 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы қосымша уақытта Аргентинаны жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Кездесу Испанияның 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды екінші таймда алаңға қосылған Ферран Торрес қосымша уақыттың 102-минутында соқты. Ал 90+3-минутта Аргентина жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

Әлем чемпионатына апарар жолда Луис де ла Фуэнте жаттықтыратын Испания құрамасы H тобында бірінші орын алды. Кейін плей-офф кезеңінде Аустрияны (3:0), Португалияны (1:0), Бельгияны (2:1), Францияны (2:0) және финалда Аргентинаны (1:0) жеңіп, өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, Испания құрамасының турнирдегі үздік сұрмергені Микель Оярсабаль болды. Ол сегіз матчта бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Ойынның бейнешолуын осы сілтеме арқылы көре аласыздар.

2026 жылғы әлем чемпионаты финалының бейнешолуы: Испания – Аргентина – sport-hub