2026 жылғы әлем чемпионатының екінші турындағы матчтар кестесі жарияланды

Фото: NFF
22 және 23 маусым күндері футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур ойындары өтеді. SPORTHUB ойын күнінің кестесін назарларыңызға ұсынады.
Әлем біріншілігінің екінші туры аясында I және J топтарында төрт кездесу ұйымдастырылады.
Матчтар кестесі
22 маусым
22:00 – Аргентина – Аустрия
23 маусым
02:00 – Франция – Ирак
05:00 – Норвегия – Сенегал
08:00 – Иордания – Алжир
I тобы
Франция құрамасы
ФИФА рейтингіндегі орны: 3
Әлем чемпионаттарындағы үздік нәтижесі: чемпион (1998, 2018)
Бас бапкері: Дидье Дешам
Сенегал құрамасы
ФИФА рейтингіндегі орны: 15
Әлем чемпионаттарындағы үздік нәтижесі: ширек финал (2002)
Бас бапкері: Пап Тиав
Ирак құрамасы
ФИФА рейтингіндегі орны: 57
Әлем чемпионаттарындағы үздік нәтижесі: топтық кезең (1986)
Бас бапкері: Грэм Арнольд (Аустралия)
Норвегия құрамасы
ФИФА рейтингіндегі орны: 31
Әлем чемпионаттарындағы үздік нәтижесі: 1/8 финал (1938, 1998)
Бас бапкері: Столе Сольбаккен
J тобы
Аргентина құрамасы
ФИФА рейтингіндегі орны: 1
Әлем чемпионаттарындағы үздік нәтижесі: чемпион (1978, 1986, 2022)
Бас бапкері: Лионель Скалони
Алжир құрамасы
ФИФА рейтингіндегі орны: 28
Әлем чемпионаттарындағы үздік нәтижесі: 1/8 финал (2014)
Бас бапкері: Владимир Петкович (Швейцария)
Аустрия құрамасы
ФИФА рейтингіндегі орны: 24
Әлем чемпионаттарындағы үздік нәтижесі: қола жүлде (1954)
Бас бапкері: Ральф Рангник
Иордания құрамасы
ФИФА рейтингіндегі орны: 63
Әлем чемпионаттарындағы үздік нәтижесі: әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр
Бас бапкері: Жамал Селлами (Марокко)
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтуде.