Аргентина – Австрия: 2026 жылғы әлем чемпионаты матчының тікелей трансляциясы
Бөлісу

Фото: ФИФА
Аргентина құрамасы FIFA World Cup 2026 аясында Австрияға қарсы екінші тур матчын өткізеді.
J тобының екінші турындағы кездесу 22 маусым күні АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы AT&T Stadium стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.
Қазақстан жанкүйерлері матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ кездесудің ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасынан live режимінде бақылауға болады.
Айта кетейік, бірінші турдан кейін Аргентина мен Австрия 3 ұпайдан жинап, J тобында көш бастап тұр. Иордания мен Алжир әзірге ұпайсыз.
FIFA World Cup 2026 турнирі АҚШ, Канада және Мексикада өтуде. Бұл тарихта алғаш рет 48 құрама қатысып отырған әлем чемпионаты.