2026 жылғы әлем чемпионатының символикалық құрамасы белгілі болды

Аружан Талгат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Әлем чемпионатының финалдық матчынан кейін Opta Sports сарапшылары турнирдің өз нұсқасындағы символикалық құрамасын жариялады. Футболшыларды таңдауда жеке статистикалық көрсеткіштердің жиынтығына негізделген Opta Index жүйесі қолданылды.

Символикалық құрамда ең көп өкілдікке әлем чемпионы атанған Испания ие болды. Үздіктер қатарына Испания құрамасы сапынан Педро Порро, Пау Кубарси, Марк Кукурелья және Родри енді. Олар финалда Аргентина құрамасы командасын 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанған еді.

Аргентина құрамасынан тізімге екі ойыншы кірді, ол қорғаушы Лисандро Мартинес және команда капитаны Лионель Месси. Шабуылшы турнирді сегіз голмен аяқтап, бомбардирлер жарысында екінші орын алды.

Шабуыл шебінде сондай-ақ Килиан Мбаппе (10 гол, үздік сұрмерген), бельгиялық Леандро Троссард, ағылшын Джуд Беллингем және норвегиялық Эрлинг Холанд (7 гол) бар.

Швейцария құрамасынан символикалық құрамға тек қақпашы Грегор Кобель енді. Оның командасы ширек финалда тоқтағанына қарамастан, Opta дерегіне сәйкес, ол барлық қақпашылар арасында ең көп «құтқарылған голдар» көрсеткіші бойынша (+3,3) үздік нәтиже көрсеткен.

Символикалық құрама 4-2-3-1 тактикалық схемасымен жасақталған.