Агирре Мексиканың ӘЧ-нан шығып қалуына пікір білдірді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: x_Lloyd Canfield

Фото: x_Lloyd Canfield

Мексика құрамасының бас бапкері Хавьер Агирре 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Англиядан (2:3) жеңілген ойынға қатысты пікір білдірді.

Маман жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

«Мен өз командамды еш нәрсе үшін кінәлай алмаймын. Біз қолдан келгеннің бәрін жасадық, бірақ Англия – өте мықты қарсылас. Бұл – ең жоғары деңгей, мұнда қателік жіберуге болмайды, өйткені оның құны тым қымбат. Біз сан басымдығын пайдалану үшін ауыстырулар арқылы тәуекелге бардық, бірақ бұл жоспарымыз жүзеге аспады. Маған тек баршаңызға қолдау үшін алғыс айту ғана қалады», – деп Агирренің сөзін ФИФА келтіреді.

Турнирдің жартылай финалында Англия құрамасы Норвегиямен кездеседі. Матч 12 шілдеде өтеді және Қазақстан уақытымен 02:00-де басталады.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.