Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореядағы таеквондодан Гран-при турнирінде жеңіске жетті

Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында WT ұйымдастыратын таеквондодан Гран-при сериясының турнирі басталды.
Жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық Айдана Құмартаева жартылай финалға жолдама алды.
49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшымыз алғашқы айналымда Германия өкілі Суфараду Атешлиді жеңді. Кейін екінші раундта Коста-Рикадан келген Джейси Бассетті ұтты. Ал ширек финалда Франция спортшысы Тенинба Фофанудан басым түсті.
Осылайша, қазақстандық таеквондошы кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті. Бұл салмақтағы жартылай финал және финалдық жекпе-жектер бүгін өтеді.
Муджудағы турнирге Қазақстаннан барлығы алты таеквондошы аттанды. Жарысқа 46 елден 248 спортшы қатысып жатыр. Оңтүстік Кореядағы турнир — осы маусымдағы Гран-при сериясының екінші кезеңі. Ал шешуші кезеңді күзде Астана қабылдайды.