Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы турнирде қола медаль жеңіп алды
Бөлісу

ҚР ҰОК
Қазақстандық таеквондошы Нодира Ахмедова халықаралық China Open турнирінде қола жүлдеге ие болды.
Ахмедова 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жарыстың жартылай финалына дейін жетті.
Финалға шығу жолындағы жекпе-жекте қазақстандық спортшы Қытай өкілі Цзюй Цзомен кездесті. Ахмедова жарыс қожайынына есе жіберіп, турнирді қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, жарыс 22-24 тамыз аралығында Қытайдың Чанша қаласында өтті.