Қазақстан Қытайда өтетін таеквондодан әйелдер арасындағы әлем чемпионатына құрамын жариялады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: qaztkd

Фото: qaztkd

Қазақстан құрамасының тоғыз спортшысы Қытайдың Тайюань қаласында 28-30 тамыз аралығында өтетін таеквондодан әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

46 келіге дейінгі салмақта бірден үш қазақстандық спортшы бақ сынайды: Айдана Құмартaeва, Жанель Сұлтанғалиева және Тоғжан Өмірзақ.

49 келіге дейінгі салмақта Нұрай Бауыржанова мен Адель Жандильдинова өнер көрсетеді.

Сонымен қатар ұлттық құрама сапында Мария Севостьянова (57 келіге дейін), Айша Әділбекқызы (62 келіге дейін), Аружан Найманбаева (67 келіге дейін) және Нұрай Хусаинова (73 келіге дейін) бар.

Еске салайық, 2025 жылы Қытайдың Уси қаласында өткен әлем чемпионатында Айдана Құмартaeва 46 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алған. Ол 49 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нодира Ахмедовамен бірге Қазақстанға әйелдер арасындағы әлем чемпионатындағы 18 жылдық үзілістен кейінгі алғашқы медальдарды сыйлаған еді.

Тайюаньдағы жарыс үш күнге созылып, 30 тамызда аяқталады.

Қазақстан Қытайда өтетін таеквондодан әйелдер арасындағы әлем чемпионатына құрамын жариялады – sport-hub