Аль-Хелаифи ФИФА президенті қызметіне үміткер болуы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді

Фото: ПСЖ
ПСЖ президенті Нассер Аль-Хелаифи ФИФА басшысы қызметіне өз кандидатурасын ұсынуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Сайлау 2027 жылдың наурыз айында Мароккода өтеді.
Бұған дейін Аль-Хелаифи ұйымның қазіргі президенті Джанни Инфантиноның алдағы сайлаудағы ықтимал қарсыластарының бірі ретінде аталған болатын. Reuters агенттігінің мәліметінше, катарлық функционердің кандидатурасын Еуропа футболының өкілдері талқылап жатыр.
«Мен «Пари Сен-Жерменнің» президенті болғаныма өте қуаныштымын және қызметімді жалғастырғым келеді», – деп Аль-Хелаифидің сөзін RMC Sport келтіреді.
Еске салайық, Инфантино әлем чемпионатының коммерциялық құқықтарындағы үлесті жеке инвесторларға сату жобасына байланысты сынға ұшыраған еді. Кейін ұйым бұл идеядан бас тартып, кешірім сұрады. УЕФА, КОНКАКАФ және АФК ФИФА басшылығының әрекетіне қатысты бірлескен сын айтты.