Басты бет
·
MMA/UFC

Александр Волков UFC-мен жаңа келісімшартқа қол қойып, чемпиондық жекпе-жекке таласып жатыр

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Серёжа Демченко / Матч ТВ

Фото: Серёжа Демченко / Матч ТВ

Ауыр салмақта өнер көрсететін ресейлік файтер Александр Волков UFC ұйымымен тиімді шарттар негізінде жаңа келісімшарт жасасты.

Бұл туралы спортшының менеджері Иван Банников «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа келісімшарт бірнеше жекпе-жекке есептелген және бұрынғы келісіммен салыстырғанда қаржылық тұрғыдан тиімдірек.

38 жастағы Волков соңғы жекпе-жегін 24 қазанда Әбу-Дабиде өткен UFC 333 турнирінде өткізді.

Ол отандасы Ризван Куниевпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Жекпе-жектен кейін ресейлік спортшы UFC президенті Дана Уайтқа тікелей үндеу жасап, чемпиондық белбеу үшін айқас өткізу мүмкіндігін сұрады.

«Чемпиондық жекпе-жекке шығу үшін тағы не істеуім керек?» – деді Волков.

Айта кетейік, Александр Волков UFC ұйымында 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Осы уақыт аралығында ол 20 жекпе-жек өткізіп, 15 рет жеңіске жеткен және бес мәрте жеңілген.

Ал аралас жекпе-жектегі жалпы кәсіби рекорды – 41 жеңіс және 11 жеңіліс.