Алжир құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін бас бапкерімен қоштасты

Фото: ФФА
Алжир ұлттық құрамасының бас бапкері Владимир Петкович қызметінен кетуге жақын. Алжир футбол федерациясы мен 62 жастағы маман келісімшартты бұзу туралы келісімге келген.
BeIN Sports Arabic мәліметінше, тараптар келісімді тоқтату шарттарын мақұлдаған. Петковичтің қызметінен кеткені туралы ресми ақпарат жақын арада жариялануы мүмкін.
Швейцариялық-босниялық маман Алжир құрамасын 2024 жылдың ақпан айынан бастап жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда 24 рет жеңіске жетіп, 9 ойында тең түсіп, 6 кездесуде жеңіліс тапты.
Сондай-ақ Петкович Алжир құрамасын Африка Ұлттары кубогының ширек финалына дейін жеткізіп, команданың 12 жыл үзілістен кейін әлем чемпионатына шығуына көмектесті. Алайда әлем біріншілігінде алжирліктер 1/16 финалда Швейцариядан 0:2 есебімен жеңіліп, турнирмен қоштасты.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Владимир Петкович Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлердің қатарында екені туралы ақпарат тараған болатын.