Швейцария – Алжир матчындағы үздік ойыншы аталды
Бөлісу

Фото: ФИФА
Швейцария құрамасының шабуылшысы Брель Эмболо 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Алжирге қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы деп танылды.
Францияның «Ренн» клубында өнер көрсететін шабуылшы 10-минутта Йохан Манзамбидің пасынан кейін дәл соққы жасап, есеп ашты. Нәтижесінде Швейцария құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетіп, ӘЧ-2026 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды. Келесі кезеңде швейцариялықтар Колумбия – Гана жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Топтық кезеңде Швейцария жеті ұпай жинап, B тобында бірінші орын алған болатын. Алжир құрамасы төрт ұпаймен J тобында үшінші орынға ие болып, плей-офф кезеңіне шықты.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.