Рияд Марез Алжир құрамасындағы мансабын аяқтады

Фото: ФИФА
Алжир ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рияд Марез 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Швейцариядан (0:2) жеңілген матчқа қатысты пікір білдірді.
Сондай-ақ алжирлік футболшы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.
«Біздің мақсатымыз келесі кезеңге өту еді, және мен бұл матчта жеңіске жетуге мүмкіндігіміз болды деп ойлаймын. Алайда біз өз қателіктерімізден екі гол жіберіп алдық, ал мұндай деңгейде бұл кешірілмейді. Әр матчтан оң нәрсе табуға болады: біз топтан шыға алдық, бірақ көп гол жіберіп алдық, сондықтан бұдан артық нәтижеге үміттену қиын болды. Бұл матч Алжир құрамасындағы менің соңғы ойыным болды», – деп Марездің сөзін ФИФА келтіреді.
1/8 финалда Швейцария құрамасы Колумбия – Гана жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Еске сала кетейік, Рияд Марез Алжир құрамасы сапында 2014 жылы Арменияға қарсы жолдастық матчта (3:1) дебют жасаған. Жалпы ол ұлттық құрамада 119 матч өткізіп, 40 гол соғып, 45 нәтижелі пас берген.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.