Аман Қонысбеков техникалық нокаутпен сенімді жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты

Аружан Талгат··
boxingkazakhstan

boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Аман Қонысбеков Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына сенімді түрде жолдама алды.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол Жапония өкілі Хибики Кавабатамен кездесті. Қонысбеков жекпе-жектің алғашқы минуттарынан бастап басымдық танытып, қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберді.

Үшінші раундта төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатып, қазақстандық боксшының техникалық нокаутпен жеңісін тіркеді.

Осы жеңісінің арқасында Аман Қонысбеков турнирдің жартылай финалына шығып, кем дегенде Азия чемпионатының қола жүлдесін қамтамасыз етті.

Бұған дейін Қазақстанның тағы бір өкілі Нұрбек Мурсал да жартылай финалға жолдама алып, кепілді қола медаль иегері атанған болатын. Ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Сауд Арабиясынан келген боксшыны төрешілердің бөлек шешімімен (4:1) жеңді.