Анастасия Ананьева Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Фото: Нургали Жумагазы
Қазақстандық ескек есу слаломының шебері Анастасия Ананьева 2026 жылғы Азия ойындарында медаль үшін күресті жалғастырады.
Әйелдер арасындағы жеке каноэ жарысының іріктеу кезеңінде Ананьева қашықтықты 128,71 секундта бағындырып, төртінші нәтиже көрсетті. Іріктеуде Қытай өкілі Хуан Цзюань (121,57 секунд) үздік нәтиже тіркеді.
Ананьева бұған дейін де Азия ойындарының жүлдегері атанған. Ханчжоуда өткен жарыста қазақстандық спортшы жеке каноэде 119,29 секунд нәтижесімен күміс медаль жеңіп алған. Ал 2025 жылы Қытайдың Сяси қаласында өткен Азия чемпионатында осы бағдарлама бойынша қола жүлдеге ие болды.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.