Анчелотти ӘЧ-де Неймарға қатысты қандай жайт көңілін қалдырғанын айтты

Аружан Талгат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатында Неймардың ойынына баға берді. Итальян маманы жұлдызды шабуылшыға қатысты бір ғана ескертуі болғанын айтты. Футболшы турнир басталғанға дейін толық бабына келіп үлгермеген.

Осы себепті Неймар әлем чемпионатында небәрі екі матчқа қатысты. Алғаш рет ол топтық кезеңде Шотландияға қарсы ойында (3:0) матчтың соңында алаңға шықты. Кейін 1/8 финалда Норвегиямен кездесуде 67-минутта алаңға қосылып, бразилиялықтар 1:2 есебімен жеңілді.

«Ашық айтсам, мені тек бір нәрсе қынжылтты, Неймар әлем чемпионатына жақсырақ дайындала алар еді. Сонда ол командаға алғашқы матчтан бастап көмектесе алатын еді, тек төртінші ойынға қарай емес. Қалған жағынан оған ешқандай сын айта алмаймын: ол толықтай қалпына келуге назар аударды, әріптестерін қолдап, әр жаттығуда бар күшін салды», — деді Анчелотти Globo басылымына берген сұхбатында.

Бразилия құрамасы бұл әлем чемпионатын 1/8 финалда аяқтады. Неймар турнирде екі матч өткізіп, бір гол соқты және жарақаттан кейін біртіндеп бабына келе бастады.

Бұған дейін 34 жастағы шабуылшы Бразилия құрамасындағы мансабы аяқталғанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, ұлттық командаға бар күшін берді және әзірге болашақта қайта оралу жоспары жоқ.