Андраш Шефер Венгрия - Қазақстан матчында өз командаластарына көңілі толмағанын айтты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: MLSZ

Фото: MLSZ

Футболшы матч барысында венгриялықтардың бірқатар қиындықтарға тап болғанын мойындады.

«Айтар сөз табу қиын. Менің ойымша, біз жақсы ойын көрсете алмадық, әсіресе бірінші таймда. Бұл жылдағы соңғы матчымыз болды. Соған қарамастан, ойын барысында жағдайды өзгертіп, жеңіске жете алдық. Ұлттық құрама сапында дебют жасаған жас футболшылардың өздеріне сенім артуға болатынын көрсеткеніне қуаныштымын», – деді Шефер матчтан кейінгі сұхбатында.

Еске салайық, Дебрецен қаласында өткен жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы есепті бірінші болып ашқан болатын. Сергей Малый алғаш болып гол соққанымен, кейін алаң иелері есе қайтарып, Доминик Собослаи, Андраш Шефер және Раймунд Тоттың голдарының арқасында 3:1 есебімен жеңіске жетті.