Анисимова камбэк жасап, Цинциннатидегі турнирден Эаланы шығарып тастады

Фото: Jimmie48
Әлемнің оныншы ракеткасы, америкалық Аманда Анисимова АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің төртінші айналымына жолдама алды.
Үшінші айналымда Анисимова Филиппин өкілі, әлемнің 20-ракеткасы Александра Эаланы жеңді. Кездесу 4:6, 6:4, 6:2 есебімен америкалық теннисшінің пайдасына аяқталды. Ойын 2 сағат 27 минутқа созылды. Бұл теннисшілердің өзара алғашқы кездесуі болды.
Матч барысында Эала бір эйс жасап, төрт рет қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Анисимова бір эйс орындап, үш рет қос қателікке жол берді және 12 брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды.
Осылайша, америкалық теннисші алғашқы сетте жеңіліп қалғанына қарамастан, матчты өз пайдасына өзгертіп, камбэк жасады.
Төртінші айналымда Анисимова әлемнің сегізінші ракеткасы, чехиялық Линда Носковамен кездеседі. Носкова бұған дейін датиялық Клара Таусонды 7:6 (7:3), 6:2 есебімен жеңген.
Анисимова мен Носкова бұған дейін үш рет кездескен. Өзара матчтарда америкалық теннисші 2:1 есебімен алда.
2023 жылы Индиан-Уэллс турнирінде Носкова 7:6, 6:3 есебімен жеңсе, 2025 жылы Анисимова екі рет қатарынан басым түсті: Уимблдонда 6:2, 5:7, 6:4, ал Бейжің турнирінің финалында 6:0, 2:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.