Носкова алғаш рет Таусонды жеңіп, Цинциннатиде 1/8 финалға шықты

Фото: Jimmie48
Әлемнің 8-ракеткасы Линда Носкова АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.
Үшінші айналымда чехиялық теннисші әлемнің 42-ракеткасы, Дания өкілі Клара Таусонды екі сетте — 7:6 (7:3), 6:2 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 39 минутқа созылды.
Носкова матч барысында 15 эйс жасап, сегіз рет қосарланған қателікке жол берді. Ол тоғыз брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Таусон тоғыз эйс орындап, бес рет қосарланған қателік жіберді және екі брейк-пойнттың біреуін ғана жүзеге асырды.
Айта кетейік, бұл Носкованың Таусонға қарсы алғашқы жеңісі болды. Бұған дейін теннисшілер 2025 жылы екі рет кездесіп, екі жағдайда да дат спортшысы жеңіске жеткен.
Аустралия ашық чемпионатының бірінші айналымында Таусон Носкованы 5:7, 6:3, 6:4 есебімен жеңсе, Дубайдағы турнирдің ширек финалында 7:6 (7:4), 6:4 есебімен басым түскен.
Енді 1/8 финалда Носкова филиппиндік Александра Эал мен америкалық Аманда Анисимова арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.