Пегула Цинциннатидегі «мыңдық» турнирде Наварроны екі сетте жеңді

Фото: Jimmie48
Әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегула АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.
Үшінші айналымда америкалық теннисші әлемнің 28-ракеткасы Эмма Наварроны екі сетте — 7:5, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды.
Пегула матч барысында 3 эйс жасап, үш рет қосарланған қателік жіберді және 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Ал Наварро 8 эйс орындап, бес рет қосарланған қателікке жол берді. Ол тоғыз брейк-пойнттың екеуін ғана жүзеге асырды.
Бұл америкалық теннисшілердің арасындағы төртінші кездесу болды. Төрт матчтың барлығында да Пегула жеңіске жетті.
Бұған дейін ол Наварроны 2024 жылы Майами турнирінде (7:6, 6:3), Бад-Хомбургте (6:4, 1:6, 6:3) және 2025 жылы Бейжіңде (6:7, 6:2, 6:1) жеңген. Осылайша, олардың жеке кездесулеріндегі есеп 4:0 болып, Пегуланың пайдасына қалып отыр.
1/8 финалда Джессика Пегула руманиялық Сорана Кырстямен кездеседі. Бұған дейін қос теннисші үш рет кездесіп, оның екеуінде америкалық спортшы жеңіске жеткен.
Олардың соңғы кездесуі 2021 жылы Мадрид турнирінің бірінші айналымында өтіп, Пегуланың 7:6, 6:3 есебіндегі жеңісімен аяқталған.