АПЛ клубтары «Брюггенің» шабуылшысы үшін таласқа қосылды

«Брюгге» ФК
Англия Премьер-лигасының бірнеше клубы «Брюгге» және Германия жастар құрамасының 21 жастағы шабуылшысы Николо Трезольдиге қызығушылық танытып отыр.
CaughtOffside мәліметінше, Трезольди «Челси», «Манчестер Юнайтед» және «Тоттенхэм» клубтарының назарында. Бельгиялық клуб өз шабуылшысы үшін шамамен 45-50 млн еуро талап етуі мүмкін.
«Манчестер Юнайтед» неміс футболшысын шабуылды күшейтудің қосымша нұсқасы әрі Беньямин Шешкоға бәсекелес ретінде қарастырып отыр. Трезольдиге «Барселона» да қызығушылық танытуда. Бұған дейін шабуылшыны «Рома» сатып алуға тырысқан, алайда «Брюгге» италиялық клубтың 35 млн еуро көлеміндегі ұсынысын қабылдамаған.
Еске салайық, Трезольди 2025 жылдың жазында «Ганноверден» «Брюггеге» ауысып, клубпен 2029 жылға дейін келісімшартқа отырған. Өткен маусымда шабуылшы барлық турнирде 58 матч өткізіп, 23 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.