АҚШ – Аустралия: 2026 жылғы Әлем чемпионаты матчының тікелей трансляциясы

Бегасыл Амирбай ··
Фото: USP

Фото: USP

АҚШ құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының екінші турында Аустралия командасына қарсы матч өткізеді.

D тобындағы екінші тур ойыны 20 маусым күні Сиэтл қаласындағы «Люмен Филд» стадионында өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан уақытымен 00:00-де.

Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сонымен қатар кездесудің ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасынан live режимінде бақылауға болады.

Айта кетейік, алғашқы турдан кейін АҚШ 3 ұпаймен D тобын бастап тұр. Аустралия да 3 ұпай жинап, екінші орында келеді, ал Түркия мен Парагвай әзірге ұпайсыз.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 2026 FIFA World Cup АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Бұл турнир тарихында алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысып отыр.