Ақтөбеде мектеп оқушысын футбол қақпасы басып қалды

Фото: ФБРК
Ақтөбеде бесінші сынып оқушысы футбол қақпасының астында қалып, жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, металл қақпа тиісті түрде бекітілмеген.
Жергілікті пабликтердің хабарлауынша, зардап шеккен жеткіншек ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Оқиғаға байланысты тергеу басталды. Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша тіркелді. Бұл бап қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету фактілеріне қатысты қолданылады.
Сонымен қатар құқық қорғау органдары футбол алаңының құрылысы мен оған қызмет көрсету барысын да тексеріп жатыр. Тексеру жұмыстары Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірлесе жүргізілуде.