Аргентина футбол федерациясының басшысы Клаудио Тапия Нью-Йорк әуежайында ұсталды
Бөлісу

Фото: AFA
Аргентина футбол федерациясының президенті Клаудио Тапия 2026 жылғы әлем чемпионатының финалынан кейін отанына ұшар алдында Нью-Йорк әуежайында ұсталды.
TN телеарнасының мәліметінше, Федералдық тергеу бюросы қызметкерлері Тапияны Нью-Йорк әуежайында тоқтатқан. Ұстау барысында оның ұялы телефоны мен басқа да электронды құрылғылары тәркіленген.
Тергеу Аргентина футбол федерациясының қаржылық және коммерциялық мәмілелеріне байланысты жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Тапияға ресми айып тағылған жоқ.
Сонымен қатар, федерация қызметкері Пабло Товигино мен ұйыммен байланысы бар кәсіпкер Хавьер Фарони Флорида штатының оңтүстік округі сотына шақырылды. Сот отырысы 30 шілдеге белгіленген.