Аргентинаға қарсы 23 миллион қол: жанкүйерлер неге ФИФА-дан санкция талап етуде?

Фото: Getty Images
Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты жеңісін тойлап жатқанда, Аргентина төңірегіндегі даулы жағдай күшейе түсуде. Интернетте Argentina Out петициясын қолдаушылар саны қарқынды өсіп жатыр. Оның авторлары ФИФА ұйымынан Аргентина құрамасын халықаралық жарыстардан шеттетуді талап етуде.
Қазіргі таңда бұл үндеуге 170 елден 23 316 108 адам қол қойған. Қол жинау көрсеткіші бойынша бастама тарихтағы ең ірі науқандардың біріне айналып, 24,3 миллион адам қолдаған Jubilee 2000 гуманитарлық акциясының әлемдік рекордына жақындап қалды.
Петиция ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай талапқа бір ғана жағдай емес, Аргентина құрамасының әлем чемпионатындағы бірнеше резонансты оқиғасы себеп болған.
Негізгі айыптаулар қатарында жартылай финалда Англияға қарсы матчтан кейін аргентиналық футболшылар көрсеткен Фолкленд аралдарына қатысты баннер, нәсілшіл ұрандар төңірегіндегі жанжал, сондай-ақ Мысырға қарсы ойындағы даулы төрешілік шешімдер бар. Петиция авторларының пікірінше, арбитр қарсылас пайдасына пенальти белгілемей, есептелмеуі тиіс голды заңды деп таныған.
Қосымша резонанс финалдан кейін орын алған оқиғаларға байланысты туындады. Испания мен Аргентина футболшылары арасында жаппай жанжал болды. Петиция бастамашыларының пікірінше, осы оқиғалардың жиынтығы Аргентина құрамасына ең қатаң тәртіптік шара қолдануға негіз болуы тиіс.
Ал ФИФА ұйымы финалдан кейінгі қақтығысқа байланысты мән-жайды тексеруді бастап кетті. Қазіргі таңда ұйым өкілдері қатысушылардың әрекеттерін саралап, оқиғаға ресми баға бермек.