Аргентина президенті ӘЧ финалынан кейін құрамасына алғыс айтты

Фото: x_@JMilei
Аргентина президенті Хавьер Милей 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испаниядан (0:1) жеңілген ұлттық құрамаға үндеу жасады.
«Сіздерге үлкен рақмет, жігіттер! Соңына дейін күресіп, бар күштеріңізді салдыңыздар. Аргентина әрқашан үздіктердің қатарында қалады. Құрамамыздың жетістігін атап өтуге келсек, ойыншылар мен бапкерлер штабы мерекенің күнін анықтаған соң, бұл күн ұлттық мереке болып жарияланады», – деп жазды Милей X әлеуметтік желісінде.
Аргентина құрамасы финалда Испаниядан қосымша уақытта 0:1 есебімен жеңіліп, 2022 жылы жеңіп алған әлем чемпионы атағын қорғай алмады.
Финалға дейінгі жолда Аргентина J тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңінде Кабо-Верде (3:2), Египет (3:2), Швейцария (3:1) және Англия (2:1) құрамаларын жеңді. Турнирдегі команданың үздік сұрмергені Лионель Месси болды — ол сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.