Арне Слот Сауд Арабиясындағы ұсыныстан бас тартып, Еуропада жұмыс істеуді таңдады

Бегасыл Амирбай ··
«Ливерпуль» ФК

«Ливерпуль» ФК

«Ливерпульдің» бұрынғы бас бапкері Арне Слот мансабын Еуропада жалғастыруды жоспарлап отыр. 47 жастағы маманға «Аль-Ахли» клубы қызығушылық танытуда.

Бен Джейкобстың мәліметінше, Арне Слот саудиялық клубтың бас бапкері қызметінде Маттиас Яйссленің орнына негізгі үміткер саналады. Алайда нидерландтық маман Еуропада жұмыс істеуді жөн көреді. Бұған дейін Слотқа АПЛ, А сериясы және Бундеслига клубтары да қызығушылық білдірген.

Еске салайық, Слот биыл мамыр айында «Ливерпульден» екі маусымдық жұмыстан кейін кеткен болатын. Ол мерсисайдтық клубты 2024 жылдың жазында Юрген Клопптың орнына келіп басқарған.

Маманның жетекшілігімен алғашқы маусымда «Ливерпуль» Англия чемпионы атанды.