«Арсенал» мен «Манчестер Сити» «Лейпциг» вингері үшін таласуда

Бегасыл Амирбай ··
«РБ Лейпциг» ФК

«РБ Лейпциг» ФК

«Арсенал» мен «Манчестер Сити» «РБ Лейпциг» клубының вингері Ян Диоманде үшін таласқа қосылды.

Bild мәліметінше, «Арсенал» мен «Манчестер Сити» осы трансферлік кезеңде ивуарлық вингерді қатарларына қосу мүмкіндігін қарастырып отыр. Бұған дейін ойыншыға «Ливерпуль» қызығушылық танытқан, алайда «РБ Лейпциг» 80 миллион еуролық ұсынысты қабылдамаған.

Айта кетейік, Диоманде 2025 жылдың жазында неміс клубына испаниялық «Леганестен» 20 миллион еуроға ауысқан болатын.

Өткен маусымда 19 жастағы футболшы барлық турнирде 36 матч өткізіп, 13 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді. Кот-д’Ивуар құрамасы сапында ол 14 кездесуге қатысып, үш гол соғып, бір нәтижелі пас авторы атанды.

«Арсенал» мен «Манчестер Сити» «Лейпциг» вингері үшін таласуда – sport-hub