Фил Фоден «Манчестер Ситимен» келісімшартын 2030 жылға дейін ұзартты

Аружан Талгат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Фил Фоден үшін «Манчестер Сити» клубымен байланыс әлі аяқталған жоқ. Клуб академия түлегімен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде жариялады. Жаңа келісім бойынша жартылай қорғаушы кемінде 2030 жылдың жазығына дейін «қалалықтар» сапында ойнайды.

2017 жылғы дебютінен бері Фоден 369 матч өткізіп, 110 гол соқты және клубпен бірге 20 ірі жүлде жеңіп алды. Олардың қатарында алты рет Ағылшын Премьер-лигасы, Чемпиондар лигасы, Англия кубогы, Англия лигасы кубогы, УЕФА Суперкубогы және Клубтар арасындағы әлем чемпионаты бар.

Жартылай қорғаушының жетістіктері тек командалық табыстармен шектелмейді. Соңғы маусымдарда ол PFA және FWA нұсқалары бойынша Англияның үздік ойыншысы атанды, сондай-ақ Премьер-лиганың маусымдағы үздік ойыншысы жүлдесін жеңіп алды. 2026 жылдың көктемінде Фоден «Манчестер Сити» тарихында Англия чемпионатында 100 нәтижелі әрекет жасаған алтыншы ойыншы болды. Сонымен қатар, ол клуб тарихында 100 гол соққан жиырмасыншы футболшы атанды.

Өткен маусымда 26 жастағы хавбек барлық турнирлерде 50 матчқа қатысып, 10 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.