Басты бет
·
MMA/UFC

Асу Алмабаевтың Катардағы UFC турнирінде кімдер көмектесетіні белгілі болды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев 21 қарашада Катарда өтетін турнирде жапониялық Кедзи Хоригучиге қарсы жекпе-жек өткізеді. Осы кездесуде қазақстандық спортшының бұрышында кімдер болатыны белгілі болды.

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Sports.kz басылымына берген сұхбатында Алмабаевқа үш маман көмектесетінін айтты.

«Хоригучиге қарсы жекпе-жекте Асудың бұрышында мен, бокстан жаттықтырушымыз Ораз Алдибаев және Санжар Әділов боламыз. Алмабаевтың бұрышындағы құрам осындай», – деді Базров.

Асу Алмабаев пен Кедзи Хоригучи арасындағы кездесу 21 қарашада Дохада өтетін UFC Fight Night турнирі аясында ұйымдастырылады.

Екі спортшы да аса жеңіл салмақ дәрежесінің үздік ондығына кіреді. Қазіргі рейтингте Хоригучи бесінші, ал Алмабаев жетінші орында тұр.

Қазақстандық файтердің кәсіби мансабында 24 жеңіс пен үш жеңіліс бар. Ол соңғы жекпе-жегін 27 маусымда Бакуде өткізіп, америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта ауырту әдісімен жеңген еді.

Ал Кедзи Хоригучи кәсіби мансабында 36 рет жеңіске жетіп, алты мәрте жеңілген. Жапониялық спортшы бұған дейін Rizin және Bellator ұйымдарының чемпионы атанған. Сондай-ақ UFC-де чемпиондық белбеуге таласқан.

Асу Алмабаевтың Катардағы UFC турнирінде кімдер көмектесетіні белгілі болды – sport-hub