«Атлетик» «Сельтаны» өз алаңында жеңді

Бекарыс Әлімхан··
«Атлетик» Бильбао ФК

«Атлетик» Бильбао ФК

Бильбаоның «Атлетигі» Ла Лиганың жаңа маусымындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, сырт алаңда «Сельтаны» 2:0 есебімен жеңді.

Екі гол да бірінші таймның ортасында соғылды. 20-минутта Алекс Беренгер Иньяки Уильямстың пасынан кейін есеп ашты. Арада көп уақыт өтпей Иньиго Галаррета Роберт Наварроны Андрей Раду қақпашымен бетпе-бет шығарды. Жартылай қорғаушы осы мүмкіндікті пайдаланып, қонақтардың басымдығын еселеді.

«Атлетик» үшін бұл «Севильядан» (1:3) және «Барселонадан» (0:2) жеңілгеннен кейінгі чемпионаттағы алғашқы жеңіс болды. Команда үш ұпай жинап, турнирлік кестеде 12-орында тұр. Ал «Сельта» бір ұпаймен 16-сатыда орналасқан.

Виго командасы келесі кездесуін 4 қыркүйекте алтыншы тур аясында кейінге шегерілген матчта «Реал Сосьедадқа» қарсы өткізеді. Одан кейін 7 қыркүйекте «Сельта» сырт алаңда «Хетафемен» ойнайды.

Ал «Атлетик» 5 қыркүйекте өз алаңында мадридтік «Атлетиконы» қабылдайды.