Белал Мұхаммад RAF 11 турнирінде Бен Аскренге қарсы жекпе-жек өткізеді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: RAF

Фото: RAF

UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Белал Мұхаммад RAF 11 турнирінде америкалық Бен Аскренге қарсы октагонға шығады.

Жекпе-жек 18 шілде күні өтеді. Аскрен үшін бұл ауыр сырқаттан және ауруханаға түскеннен кейінгі алғашқы ресми айқас болмақ.

41 жастағы америкалық файтер аралас жекпе-жек мансабында 19 мәрте жеңіске жетіп, екі рет жеңілген.

Белал Мұхаммад UFC чемпиондық белбеуін 2024 жылдың шілдесінде Леон Эдвардсты жеңгеннен кейін иеленген еді. Алайда 2025 жылдың мамырында Джек Делла Маддаленаға есе жіберіп, титулынан айырылды. Қазіргі таңда Белалдың еншісінде 24 жеңіс пен бес жеңіліс бар.

Айта кетейік, RAF турнирлерінде қазақстандық спортшылар Асу Алмабаев пен Ризабек Айтмұхан да өнер көрсетеді. Соңғы белдесуінде Айтмұхан Олимпиада чемпионы әрі әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Кайл Снайдерге жол берді.