«Бернли» бапкері 18 жастағы Сәтпаевты не үшін бағалайтынын түсіндірді

«Бернли» ФК
«Бернли» командасының бас бапкері Ники Хайен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың Чемпионшиптің төртінші турында «Мидлсброға» (1:1) қарсы өткен матчтағы өнеріне жоғары баға берді.
18 жастағы футболшы кездесуді негізгі құрамда бастап, 82-минутта алаңнан ауыстырылды. Матч қорытындысы бойынша Сәтпаев ойынның үздік ойыншысы деп танылды.
«Ол командаға көп энергия мен қарқындылық береді. Мен үшін жас маңызды емес. Сіз 18-де немесе 35-те болуыңыз мүмкін, бірақ командаға энергия берсеңіз, алаңға шығасыз», – деді Хайен.
«Мидлсбромен» өткен матч Сәтпаев үшін «Бернли» сапындағы барлық турнирдегі төртінші ойын болды. Әзірге қазақстандық футболшы нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ. Есепті қонақтар құрамындағы жартылай қорғаушы Эйдан Моррис ашса, 54-минутта Уго Рагубер «Бернлиге» тең есепті алып келді.
Еске салайық, Сәтпаев 2033 жылға дейін келісімшартқа отырған «Челсиге» тиесілі. Лондондық клуб ойын тәжірибесін жинақтауы үшін шабуылшыны маусым соңына дейін «Бернлиге» жалға берді. Команда келесі матчын 5 қыркүйекте өз алаңында «Бристоль Ситиге» қарсы өткізеді.