«Біз тарихқа ендік». Варгас Швейцарияның ширек финалға шығуын бағалады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: SFV

Фото: SFV

Швейцария құрамасының жартылай қорғаушысы Рубен Варгас 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Колумбияны пенальти сериясында жеңгеннен кейін өз әсерімен бөлісті.

Айта кетейік, дәл Варгас матчтан кейінгі пенальти сериясындағы шешуші соққыны сәтті орындады.

«Біз не істегенімізді әлі толық түсіне қойған жоқпын. Осындай сәтті сыйлағаны үшін Құдайға шүкіршілік етемін. Алаңға шығып, командама жеңіске жетуге көмектесе алғаныма өте қуаныштымын. Біз 120 минут бойы соңына дейін күрестік және тарихқа ендік. Бұл – керемет сезім», – деді Варгас.

Енді Швейцария құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Аргентинамен кездеседі. Матч 12 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 06:00-де басталады.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде өтеді.

«Біз тарихқа ендік». Варгас Швейцарияның ширек финалға шығуын бағалады – sport-hub