Бразилия 1990 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмады

Фото: Rafael Ribeiro / CBF
Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Норвегиядан жеңіліп, 36 жылдан бері алғаш рет әлем біріншілігінің ширек финалына шыға алмады.
Opta Sports дерегіне сәйкес, Бразилия соңғы рет әлем чемпионатында ширек финалға дейін жетпей 1990 жылы Италияда өткен турнирде жарыстан шығып қалған. Одан кейін команда 1994 және 2002 жылдары әлем чемпионы атанып, 1998 жылы күміс жүлде иеленді, 2014 жылы төртінші орын алды. Ал 2006, 2010, 2018 және 2022 жылдардағы әлем чемпионаттарында ширек финалда жарыс жолынан тайды.
Енді 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Норвегия құрамасы Мексиканы (3:2) жеңген Англия құрамасымен кездеседі.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.