Чехия – Оңтүстік Африка Республикасы: ӘЧ матчының тікелей трансляциясы

Бегасыл Амирбай ··
Фото: FACR

Фото: FACR

Чехия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші турында Оңтүстік Африка Республикасына қарсы матч өткізеді.

А тобының екінші тур ойыны 18 маусым күні Атланта қаласындағы «Мерседес-Бенц» стадионында өтеді. Басталу уақыты Қазақстан уақытымен 21:00.

Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сонымен қатар ойынның ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасынан live режимінде бақылауға болады.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир тарихында алғаш рет оған 48 құрама қатысуда.