Даниэль Муньос 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші турында Конго ДР құрамасына қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы атанды.
Бөлісу

ФИФА
Колумбия құрамасының қорғаушысы Даниэль Муньос 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші турында Конго ДР құрамасына қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы атанды.
Футболшы кездесудегі жалғыз әрі жеңіс голын соғып, оңтүстікамерикалық құраманың мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шығуына көмектесті.
Екі турдан кейін Колумбия 6 ұпаймен K тобында көш бастап тұр. Португалия 4 ұпаймен екінші орында келеді. Бір ұпайы бар Конго ДР үшінші сатыда орналасса, Өзбекстан әзірге ұпайсыз соңғы орында қалып отыр.
Топтық кезеңнің соңғы турында Португалия Колумбиямен кездеседі, ал Өзбекстан Конго ДР құрамасымен ойнайды.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде мәресіне жетеді.