Джордан Хендерсон әлем чемпионатының соңына дейін қатардан шығып қалды

Фото: Getty Images
Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джордан Хендерсон 2026 жылғы әлем чемпионатында енді алаңға шықпайды.
Журналист Джеймс Пирстің мәліметінше, тәжірибелі хавбекке операция қажет болады, соның салдарынан ол турнирдің қалған бөлігін өткізіп алады.
Ерекше жағдай Хендерсон жарақатты матч барысында емес, Мексикамен өткен 1/8 финал ойынынан кейін алған. Ширек финалға шыққанын атап өту кезінде ағылшын ойыншысы жарнамалық қалқаннан секіріп өтпек болып, сәтсіз құлап кеткен. Осыдан кейін ол алаңнан тек зембілмен шығарылды.
Еске салсақ, 1/8 финалда Англия құрамасы Мексиканы 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.
Енді Томас Тухель баптайтын команда Норвегиямен өтетін ширек финалдық матчқа дайындалуда. Бұл кездесу 11-інен 12 шілдеге қараған түні өтеді. Ойынның басталуы — Астана уақыты бойынша 02:00.
Өз кезегінде Норвегия құрамасы сенсация жасап, Бразилияны 2:1 есебімен жеңіп, турнирден шығарып жіберді. Кездесудің басты кейіпкері дубль жасаған Эрлинг Холанд, ол өз командасын әлем чемпионатының ширек финалына алып шықты.