Мексика – Англия матчыннан кейін Лос-Анджелесте атыс болды
Бөлісу

Лос-Анджелесте 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Мексика мен Англия құрамалары арасындағы матчтан кейін атыс болды.
New York Post басылымының хабарлауынша, оқиға жанкүйерлер матчты тамашалаған фан-аймақ маңында болған. Атыс мексикалық қауым көп шоғырланған ауданда орын алған.
Оқиға салдарынан төрт адам жарақат алды. Қазіргі уақытта полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр, тергеу жалғасуда.
Еске сала кетейік, әлем чемпионатының 1/8 финалында Англия құрамасы Мексиканы 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына шықты. Келесі кезеңде ағылшындардың қарсыласы Норвегия құрамасы болады.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.