Джордан Стал ҰХЛ плей-оффтың ең құнды ойыншысы атанды
Бөлісу

Фото: Bruce Bennett / Getty Images
«Каролина Харрикейнз» финалдық серияның алтыншы матчында «Вегас Голден Найтсты» 3:0 есебімен жеңіп, Стэнли кубогын жеңіп алды. Плей-оффтың ең құнды ойыншысы (MVP) ретінде команданың капитаны Джордан Стал танылды.
37 жастағы шабуылшы плей-офф қорытындысы бойынша «Конн Смайт Трофи» жүлдесін иеленді. «Вегасқа» қарсы финалдық серияда Стал алты шайба соқты. Жалпы осы плей-оффта ол 19 ойында 12 (8+4) ұпай жинады.
Сонымен қатар, «Каролина» капитаны ҰХЛ тарихындағы «Конн Смайт Трофиді» алған ең жасы үлкен ойыншы атанды.
«Харрикейнз» үшін бұл Стэнли кубогы клуб тарихындағы екінші чемпиондық болды. Роли қаласынан шыққан команда алғаш рет 2006 жылы Эдмонтон Ойлерзді финалда жеңіп, басты трофейді иеленген еді.