Трофейге бір қадам: «Каролина» финалдық серияда алға шықты

Фото: «Каролина Харрикейнз» ХК
«Каролина Харрикейнз» ҰХЛ-дағы Стэнли кубогы финалының бесінші матчында «Вегас Голден Найтсты» 4:2 есебімен жеңді. Осылайша Роли қаласының командасы сериядағы есепті 3:2-ге жеткізді.
Матчтағы есепті қонақтар ашты. Жетінші минутта Павел Дорофеев басымдықты тиімді пайдаланып, мергендігімен көзге түсті. Алайда бірінші кезеңнің өзінде Джордан Стаал таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңде алаң иелері Андрей Свечников пен Себастьян Ахоның голдарының арқасында алға шықты. Ал үшінші кезеңнің басында Свечников дубль авторы атанып, «Каролинаның» басымдығын үш шайбаға дейін ұлғайтты.
54-минутта Дорофеев матчтағы екінші шайбасын соғып, «Вегастың» үмітін оятқанымен, қонақтар камбэк жасай алмады.
Стэнли кубогы финалының алтыншы кездесуі 15 маусым күні «Вегас Голден Найтстың» мұз айдынында өтеді. Қазіргі таңда «Каролина» чемпиондық атаққа бір ғана жеңіс жетпейтін жағдайда тұр.