«Каролина» «Вегасты» жеңіп, Стэнли кубогының иегері атанды
Бөлісу

Фото: NHL
«Каролина Харрикейнз» Стэнли кубогы финалының алтыншы матчында «Вегас Голден Найтсты» жеңді. Кездесу 3:0 есебімен аяқталды, ал серияда «Каролина» 4:2 есебімен басым түсті.
Шешуші ойын Парадайстағы «Ти-Мобайл Арена» мұз айдынында өтті.
Жеңімпаздар сапында Тейлор Холл, Джексон Блейк және Николай Элерс көзге түсті. Ал нәтижелі пастарды Джейкоб Славин, Джексон Блейк және Логан Стэнковен берді.
Осы жеңістің арқасында «Каролина» финалдық серияны түйіндеп, ҰХЛ-дың басты трофейін иеленді.
Бұл Кубок Стэнли «Харрикейнз» үшін соңғы 20 жылдағы алғашқы жеңіс болды. Клуб бұған дейін соңғы рет 2006 жылы чемпион атанған.