Джуд Беллингем Аргентинадан жеңілгеннен кейін жанкүйерлерге үндеу жасады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: EFA

Фото: EFA

Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Аргентина құрамасынан (1:2) жеңілгеннен кейін жанкүйерлерге үндеу жасады.

Енді Томас Тухель жаттықтыратын команда турнирдің қола жүлдесі үшін Франция құрамасымен кездеседі.

«Кеше болған жағдайдан және соңғы бірнеше аптадан кейін сөз табу маған өте қиын болды, бірақ бұл фото менің сезімімді жақсы жеткізеді. Бізді үйден қолдаған барлық жанкүйерлерге және Америкаға келіп, қолдау көрсету үшін өз еңбегімен тапқан ақшасын жұмсағандарға үлкен рақмет. Елімізде көрген бірлік пен сүйіспеншілік осы турнирмен бірге жоғалып кетпесін. Біз бірге болсақ, үлкен жетістіктерге жете аламыз және оған жетеміз! Сіздерді жақсы көремін!» – деп жазды «Реал Мадрид» клубының ойыншысы.

Еске салайық, мундиальдің жеті матчында Джуд Беллингем бес гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

2026 жылғы әлем чемпионатының үшінші орын үшін матчында Англия құрамасы Франциямен кездеседі. Ойын 19 шілде күні өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 02:00-де басталады.