Дзюдо: Қазақстанның үш спортшысы Азия ойындарында қола медаль үшін белдеседі

Аида Тойшыбекова. Фото: Владислав Семёнов
Екатерина Токарева, Марат Байкамуров және Аида Тойшыбекова 2026 жылғы Азия ойындарында дзюдодан қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алды.
Токарева 78 келіге дейінгі салмақта ширек финалда оңтүстіккореялық Ким Мин Джуға иппонмен есе жіберді. Жұбаныш белдесуінде қазақстандық дзюдошы Қытай Тайбэйінің өкілі Сюй Ван Шу Хуэйді иппонмен мерзімінен бұрын жеңіп, қола медаль үшін белдесуге жолдама алды.
100 келіге дейінгі салмақта Байкамуров ширек финалда өзбекстандық Эрназар Сарсенбаевқа «ваза-ари» бағасымен жол берді. Жұбаныш кезеңінде қазақстандық спортшы Бахрейн өкілі Саид Садрудиновпен кездесуі керек болған. Алайда қарсыласы татамиге шықпады. Осылайша, Байкамуровқа жеңіс беріліп, ол да қола медаль үшін белдесетін болды.
Аида Тойшыбекова 78 келіден жоғары салмақта ширек финалда моңғолиялық Адиясүрэн Амарсайханнан жеңілгеннен кейін жұбаныш кезеңінде жарысын жалғастырды. Қазақстандық дзюдошы Қытай Тайбэйінің өкілі Чан Лин Фанды 2 минут 2 секундта иппонмен жеңіп, қола жүлде үшін белдесуге шықты.
Ерасыл Қажыбаев 100 келіден жоғары салмақтағы жарысын аяқтады. Ол ширек финалда моңғолиялық Гончигсүрэн Батхуягтан жеңілгеннен кейін жұбаныш кезеңі арқылы жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болған. Алайда оңтүстіккореялық Ким Мин Джуға иппонмен есе жіберді.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.