Эдин Джеко «Шалькемен» келісімшартын ұзартты

«Шальке» ФК
Германияның «Шальке» клубы Босния және Герцеговина құрамасының шабуылшысы Эдин Джекомен келісімшартты ұзартқанын хабарлады.
40 жастағы форвардпен жасалған жаңа келісім тағы бір маусымға есептелген. Клуб мәліметінше, Джеко 4 тамыздан бастап командамен бірге жаттығуға кірісіп, алаңға бұрынғыдай 10-нөмірмен шығады.
«Шалькеге» өткен қыста қосылған Джеко команда сапында өзін жақсы қырынан көрсетті. Ол клубқа Екінші Бундеслигада чемпион атанып, Германияның жоғары дивизионына қайта оралуға көмектесті.
Босниялық шабуылшы «Шальке» құрамында 11 матч өткізіп, 6 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.
Джеко үшін бұл мансабындағы жаңа кезең болды. Ол жазда 2026 жылғы әлем чемпионатында Босния және Герцеговина құрамасы сапында үш ойын өткізіп, командамен бірге 1/16 финалға дейін жетті. Алайда бұл кезеңде босниялықтар АҚШ құрамасына 0:2 есебімен жол берді.