Эльдар Бірімбай таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: СДР

Фото: СДР

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Эльдар Бірімбай Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жартылай финалда Бірімбай Иран өкілі Әмір Бахтияриге 0:2 есебімен жол берді.

Бұл медаль Қазақстан құрамасы үшін қазіргі Азия чемпионатындағы екінші жүлде болды. Осыған дейін 54 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Еңсегенов те қоржынды қоламен қампайтқан еді.

Таеквондодан Азия чемпионаты мамырдың 19 мен 25-і аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдағы M Bank Arena кешенінде өтіп жатыр.