Қазақстандық таеквондошылар Азия чемпионатының жартылай финалында

Бегасыл Амирбай ··
Фото: СДР

Фото: СДР

Қазақстан құрамасының таеквондошылары Эльдар Бірімбай мен Назым Махмұтова Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысатын Бірімбай ширек финалда жапониялық спортшы Такато Катоны 2:0 есебімен жеңді. Ал 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Назым Махмұтова Вьетнамның қазіргі Азия чемпионы Тье Бакты жеңіп, жартылай финалға шықты. Келесі кезеңде Бірімбай Иран өкілімен кездеседі, ал Махмұтованың қарсыласы Қытай спортшысы болмақ.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде бір медаль бар. 54 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Еңсегенов құрлықтық жарыста қола жүлдені ел қоржынына салды.

Таеквондодан Азия чемпионаты мамырдың 19 мен 25-і аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдағы M Bank Arena кешенінде өтіп жатыр.