Элдор Шомуродов жанкүйерлерден кешірім сұрады

Фото: ФИФА
Өзбекстан құрамасының капитаны Элдор Шомуродов 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші турында Португалиядан 0:5 есебімен жеңілген ойынға қатысты пікір білдірді.
Өзбекстан ұлттық құрамасының шабуылшысы жанкүйерлерден кешірім сұрады.
«Португалия құрамасында жеке шеберлігі өте жоғары ойыншылар көп. Ірі есеппен жеңілгеніміз үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз», – деді Шомуродов.
Еске сала кетейік, екі турдан кейін Колумбия 6 ұпаймен K тобында көш бастап тұр. Португалия 4 ұпаймен екінші орында, Конго Демократиялық Республикасы 1 ұпаймен үшінші сатыда, ал Өзбекстан құрамасы соңғы орында қалып отыр.
Топтық кезеңнің соңғы турында Португалия Колумбиямен кездессе, Өзбекстан құрамасы Конго ДР-мен ойнайды.
2026 жылғы әлем чемпионаты FIFA World Cup 2026 АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.