Басты бет
·
Теннис

Елена Рыбакина мансабында алғаш рет маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымды WTA рейтингінің көшбасшысы ретінде аяқтайтынын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.

Ол тарихи жетістікке Токиодағы турнирде қол жеткізді.

WTA 500 санатындағы жарыстың екінші айналымында Рыбакина отандасы Юлия Путинцеваны сенімді түрде жеңді. Осы нәтижеден кейін 27 жастағы қазақстандық теннисші маусымның қалған турнирлеріндегі нәтижелеріне қарамастан, әлемдік рейтингтің бірінші сатысынан түспейтіні белгілі болды.

Рыбакинаның еншісінде кемінде 9501 рейтингтік ұпай болады. Оның басты бәсекелесі, Беларусь өкілі Арина Соболенконың 7550 ұпайы бар. Осылайша, ол жыл соңына дейін қазақстандық теннисшіні басып оза алмайды.