Басты бет
·
Теннис

Рыбакина немесе Путинцева Фернандеспен кездесуі мүмкін

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Канадалық теннисші Лейла Фернандес Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA-500 турнирінің екінші айналымында бельгиялық Элисе Мертенсті жеңді.

Токио (Жапония). WTA-500. Жекелей сындағы жарыс. Екінші айналым

Лейла Фернандес (Канада) – Элисе Мертенс (Бельгия) – 6:2, 7:6 (10:8).

Әлемдік рейтингте 23-орында тұрған Фернандес 14-орындағы қарсыласын жеңу үшін 2 сағат 13 минут жұмсады.

Канадалық теннисші алғашқы партияда сенімді ойын көрсетіп, екінші сетте де есепте алға шықты. Алайда Мертенс таразы басын теңестіріп, тай-брейкке жеткізді. Тай-брейкте 8:7 есебімен алға шыққан бельгиялық спортшы матчболға ие болды. Дегенмен Фернандес қатарынан үш ұпай жинап, жеңісті жұлып алды.

Келесі айналымда Лейла Фернандес әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен WTA рейтингінде 67-орында тұрған Юлия Путинцеваның арасындағы қазақстандық дербидің жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Токиодағы WTA-500 турнирі 26 қазан мен 1 қараша аралығында ашық хард корттарында өтеді. Жарыстың қазіргі чемпионы – швейцариялық Белинда Бенчич.